ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар

Төрт егіздің анасы сайлауда өз таңдауын жасады

Бүгін, 15:02
Төрт егіздің анасы сайлауда өз таңдауын жасады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысындағы мәслихат депутаттарын сайлау күні Талдыбұлақ ауылындағы №222 сайлау учаскесіне ерекше сайлаушы келді. Төрт егізді дүниеге әкелген көпбалалы ана Альмира Бекеева дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Төрт баланы бір мезетте дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған Альмира Бекеева көпшілікке өнегелі отбасылық тарихымен танымал. Ол ана ретінде бала тәрбиесіне басымдық бере отырып, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқандарға да белсенді қатысады.

Альмираның айтуынша, сайлауға қатысу – ең алдымен балалардың болашағына және туған өлкенің дамуына бейжай қарамаудың белгісі.

«Әрбір ана үшін балаларының бейбіт, дамыған әрі жайлы ортада өскені маңызды. Сайлауға қатысу – біздің отбасымыздың, балаларымыздың ертеңіне деген жауапкершілігіміз. Болашақ әрқайсымыздың бүгінгі таңдауымыздан басталады. Барша ата-аналарды белсенділік танытып, өз дауысын беруге шақырамын!» – деді Альмира Бекеева.

Көпбалалы ананың сайлауға қатысуы отбасы құндылықтары мен азаматтық жауапкершіліктің өзара сабақтастығын көрсетеді. Балалардың жарқын болашағы мен елдің ертеңіне қатысты шешімдерге бейжай қарамау – әрбір азаматқа ортақ міндет.

Соңғы жаңалықтар

Алакөл ауданында 50-ге жуық ауыл тұрғыны сайлауға бірге қатысты
Аймақтар

Алакөл ауданында 50-ге жуық ауыл тұрғыны сайлауға бірге қатысты

Бүгін, 17:00
«Алтын шаңырақ» иегерлері сайлауда өз таңдауларын жасады
Аймақтар

«Алтын шаңырақ» иегерлері сайлауда өз таңдауларын жасады

Бүгін, 16:37
Коллектив таможенного поста «Алаколь» организованно принял участие в голосовании
Аймақтар

Жетісуда 30 кеденші сайлауға ұжым болып қатысты

Бүгін, 16:33
Жетісуда Жайпақ ауылдық округінің 30 ақсақалы сайлауға бірге қатысты
Жаңалықтар

Жайпақ ауылында 30 ақсақал сайлауға бірге келді

Бүгін, 16:30
Жетісуда теміржолшылар әулетінің үш буыны сайлауға бірге қатысты
Аймақтар

Жетісуда теміржолшылар әулетінің үш буыны сайлауға бірге қатысты

Бүгін, 15:15
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі