Алакөл ауданының Еңбекші ауылында 50-ге жуық тұрғын мәслихат депутаттарын сайлау күні учаскеге бірге келіп, өз таңдауларын жасады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ауылдастардың бір мезетте дауыс беруге келуі тұрғындардың ұйымшылдығын көрсетті. Олар азаматтық құқықтарын пайдаланып, өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысты.
Ауыл тұрғындары үшін сайлауға қатысу – елді мекеннің келешегіне қатысты өз ұстанымын білдірудің бір жолы. Мұндай белсенділік ауыл ішіндегі ынтымақ пен ортақ іске деген жауапкершіліктің маңызын аңғартады.





