Жетісу облысындағы Дүйсебаевтар отбасы мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. «Алтын шаңырақ» атанған әулет үшін отбасы бірлігі мен ел болашағына жауапкершілікпен қарау – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан құндылық,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Дүйсебаевтар отбасы бір шаңырақ астындағы сыйластықты, ата-ана тәрбиесін және ұрпақтар сабақтастығын берік ұстанып келеді. Сонымен қатар туған қаланың қоғамдық өміріне араласып, оның дамуына үлес қосуды азаматтық міндет санайды.
Отбасы мүшелерінің пікірінше, мәслихат депутаттарын сайлау – жергілікті деңгейдегі маңызды мәселелерді шешуге ықпал ететін өкілдерді таңдау мүмкіндігі. Сондықтан дауыс беру әр тұрғынның туған жерінің келешегіне қатысты көзқарасын білдіруінің бір жолы.
Дүйсебаевтар шаңырағының өнегесі – отбасы құндылықтарын сақтай отырып, қоғам өміріне де белсенді араласудың үлгісі. «Алтын шаңырақ» атауы да әулеттің бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілігін айқындайды.





