ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Медицина

Жетісулықтар МӘМС жүйесі аясында күрделі операцияларға қол жеткізуде

13 ноября, 2025
Жетісулықтар МӘМС жүйесі аясында күрделі операцияларға қол жеткізуде
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облыстық филиалы директорының орынбасары Арыстанбек Өтеғұлов қатысуымен баспасөз маслихаты өтті. Спикер өңір халқының Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу барысы және медициналық қызметтерді қаржыландыру туралы ақпарат ұсынды.

Спикердің айтуынша, облыстағы денсаулық сақтау субъектілеріне 652 мыңнан астам адам тіркелген. Оның ішінде 531 мыңнан астамының «сақтандырылған» мәртебесі бар, ал 121 мың тұрғынның мәртебесі әлі өзектілендірілмеген.

Жетісу облысының денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті шамамен 85 млрд теңгені құрайды. Оның 39,1 млрд теңгесі МӘМС жүйесіне, ал 45,2 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне бағытталған. Ағымдағы жылдың тоғыз айында өңір тұрғындарына жалпы сомасы 27,6 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілді.

Айта кету керек, МӘМС қаражаты есебінен жоғары технологиялық операциялар да қаржыландырылады. Мәселен, облыстық кардиологиялық орталықта тоғыз ай ішінде 246 күрделі операция жасалды.

Филиал директорының орынбасары өңірде медициналық қызметтердің сапасына бақылау күшейтілгенін атап өтті. Жыл басынан бері жүргізілген тексерулер нәтижесінде 108 мыңнан астам заңбұзушылық анықталып, оның қорытындысы бойынша 837 млн теңгеден астам сомаға экономикалық ықпал ету шаралары қолданылған.

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда
Экономика

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

31 июля, 2026
Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді
Құқық

Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді

29 июля, 2026
Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды
Қоғам

Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды

28 июля, 2026
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтар

Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді

10 июля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу