ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында Балқаш көлінің туристік әлеуетін арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағытта Сарқан ауданына қарасты Лепсі ауылында бірқатар маңызды әлеуметтік нысан жаңғыртылып жатыр. Атап айтқанда, ауылдық аурухана күрделі жөндеуден өтсе, теміржол вокзалы жаңадан салынуда. Құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысты.

Алдымен өңір басшысы жаңа теміржол вокзалының құрылыс алаңына барды. «Қазақстан темір жолы» АҚ қарамағындағы нысанның қазіргі дайындық деңгейі 90 пайызға жуық. Бір қабатты ғимараттың жалпы аумағы 620 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта шатырын жабу, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа 30-ға жуық жұмысшы тартылған.

Бұған дейін ауыл тұрғындары мен жолаушылар шағын әрі ескі вокзал ғимаратын пайдаланған. Облыс әкімі атап өткендей, өңірде жаңғыртылуы жоспарланған 9 теміржол вокзалының 8-інде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Лепсідегі жаңа вокзал – осы бағыттағы соңғы нысан. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтау тапсырылды.

Одан кейін Бейбіт Исабаев ауылдық ауруханаға барып, күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесін көрді.

1976 жылы пайдалануға берілген медициналық мекемеде соңғы рет 2010 жылы ағымдағы жөндеу жүргізілген. Балқаш көлінің жағалауындағы туристік инфрақұрылымды дамыту аясында аурухананы толық жаңарту туралы шешім қабылданған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, ғимарат ішінде әрлеу, сырлау және тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аурухананың қызметі туралы Сарқан аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Шылғаубаев баяндады. Оның мәліметінше, Лепсі ауруханасында 4 жалпы тәжірибелік дәрігер мен 2 стоматолог қызмет көрсетеді. Ал жазғы шомылу маусымында аудандық ауруханадан хирург, травматолог және гинеколог мамандар тұрақты түрде іссапарға жіберіледі.

Облыс әкімі медициналық мекеменің тек ауыл тұрғындарына ғана емес, Балқаш көліне келетін демалушыларға да сапалы қызмет көрсетуі керектігін атап өтті.

«Ауыл халқымен қатар, денсаулығына байланысты көмекке жүгінетін туристерге де барлық жағдай жасалуы тиіс. Әсіресе, қарапайым хирургиялық операцияларды жүргізе алатын мамандармен және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды», – деді Бейбіт Исабаев.

Айта кетейік, Лепсі ауылындағы аурухана 30 төсектік стационардан және ауысымына 75 адам қабылдайтын емханадан тұрады. Медициналық мекеме ауыл мен оның маңындағы елді мекендерде тұратын 4,5 мыңға жуық тұрғынға, сондай-ақ Балқаш жағалауына келетін туристерге қызмет көрсетеді.

Осылайша, Лепсі ауылындағы медициналық нысанды жаңғырту мен жаңа теміржол вокзалының құрылысы Балқаш жағалауының туристік тартымдылығын арттырып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Өңірлік коммуникация қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі