ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Цифрландыру

Жетісудағы цифрлық серпіліс: Жасанды интеллект медицина мен қауіпсіздік саласына жаппай енгізілуде

12 наурыз, 2026
Жетісудағы цифрлық серпіліс: Жасанды интеллект медицина мен қауіпсіздік саласына жаппай енгізілуде
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Темірбаев БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-маслихатында «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Бүгінгі таңда өңірде ЖИ элементтері медициналық диагностикадан бастап жол қауіпсіздігі мен білім беруге дейінгі әртүрлі салаларда кеңінен қолданыла бастады.
Атап айтқанда, өңірдің 16 медициналық ұйымында PACS жүйесі енгізілді, оның аясында 1 миллионнан астам медициналық кескін өңделді. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2026 жылға қарай инсульт орталықтарында КТ зерттеу нәтижелерін автоматты түрде талдайтын CEREBRA AI жүйесін іске қосу жоспарлануда.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша Жедел басқару орталығына 20 мыңнан астам бейнебақылау камерасы біріктірілді. 2025 жылы 33 жерде бет-әлпетті тану функциясы бар TARGET-AI жүйесі іске қосылды. Осы жоба аясында тағы 6,5 мыңнан астам жаңа камера орнатылып, Балқаш көлінің жағалауына дейін талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Сонымен қатар, Талдықорғанда демеушілік қаражат есебінен құны 4,6 млрд теңге болатын Қаланың тіршілік әрекетін басқару орталығын салу жоспарлануда.
Цифрлық шешімдер көлік инфрақұрылымына да әсер етеді. Жақын арада автомобиль жолдарының жай-күйін мониторингтеу және ЖИ көмегімен жол төсемінің ақауларын анықтау жүйесі пилоттық режимде енгізіледі. Талдықорғанның жол-көлік оқиғаларына бейім учаскелерінде бейнеаналитиканы қолданатын зияткерлік жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылады.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі