ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Құқық

Жетісуда тұтынушылардың 48 миллион теңгеден астам қаражаты қайтарылды

19 декабря, 2025
Жетісуда тұтынушылардың 48 миллион теңгеден астам қаражаты қайтарылды
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне E-өтініш платформасы, Telegram-бот және жедел желі арқылы 820 өтініш келіп түскен. Қабылданған шаралардың арқасында облыс тұрғындарына 48 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Тұтынушылар тарапынан түскен шағымдарды талдау көрсеткендей, негізгі мәселелер бөлшек және электрондық сауда салаларында шоғырланған. Бөлшек сауда бойынша 221 өтініш тіркеліп, оның басым бөлігі сатушылардың тауарды 14 күн ішінде айырбастаудан бас тартуына және сапасыз өнімдерге қатысты болған. Электрондық сауда саласында Kaspi, Wildberries, Ozon және Temu сияқты платформаларға қатысты 115 шағым түсті.
Мемлекеттік бақылау аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. 140 жоспардан тыс тексеру нәтижесінде сауда үстемесін асырған және баға белгілерін қоймаған 117 кәсіпкерге ескерту беріліп, 14 субъектіге 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Инвестиция тарту бағытында да оң серпін байқалады: жыл басынан бері 9 кәсіпкерге 37,9 млн теңге көлемінде субсидияланған инвестиция берілді.
2026 жылға арналған жоспар бойынша Департамент әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейтуді, баға тұрақтылығын бақылауды күшейтуді және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруды көздеп отыр. Мамандар кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға, ал тұтынушыларды кез келген транзакция кезінде фискалдық чекті талап етіп, өз құқықтары бұзылған жағдайда бей-жай қалмауға шақырады.
Жетісу облысында тұтынушылардың құқығын қорғау және сауда саласын ашық ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса бермек.

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда
Қоғам

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда

5 июня, 2026
Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді
Құқық

Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді

3 июня, 2026
Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!
Қоғам

Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!

3 июня, 2026
Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады
Қоғам

Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады

28 мая, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу