ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Медицина

Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті

3 февраля, 2026
Жетісуда онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 67 пайызға жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл сайын 4 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні қарсаңында Жетісу облыстық көпсалалы клиникасы өңірдегі онкологиялық қызметтің өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Бүгінде облыстың 700 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсететін орталық дертті ерте анықтау мен емдеу сапасын арттыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, өткен жылы диспансерлік есепке алынған 1 407 науқастың 67 пайызында, яғни 934 жағдайда ауру ең ерте сатысында анықталған.
Қазіргі уақытта клиникада жалпы саны 7 775 науқас есепте тұрса, олардың 65 пайызы бес жылдан астам уақыт бойы бақылауда болып, нәтижелі ем алып келеді. Дертті дер кезінде анықтау мақсатында жыл бойы «Ашық есік күні» өткізіліп, халық тексеруден өтті. Нәтижесінде 98 ісікке дейінгі жағдай мен 29 қатерлі ісік нышаны ерте анықталып, пациенттерге жедел көмек көрсетілді. Сонымен қатар, тек скринингтік тексерулердің өзі 143 жаңа жағдайды анықтауға мүмкіндік берді.
Инфрақұрылымды дамыту бағытында өткен жылы клиника базасында 20 төсектік модульдік күндізгі стационар салынды. Материалдық-техникалық база 70-тен астам жаңа жабдықпен толығып, облыстың аудандық ауруханаларына цифрлық және жылжымалы маммографтар таратылды.
Кадрлық әлеует те назардан тыс қалмады. Өткен жылы ұжымға 8 маман, оның ішінде 3 жас маман қабылданды.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу