ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Құқық

Жетісу жолдарындағы қауіпсіздік: апат саны 7 пайызға төмендеді

23 қараша, 2026
Жетісу жолдарындағы қауіпсіздік: апат саны 7 пайызға төмендеді

Stan.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 7 пайызға азайды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің мәліметінде айтылған.

Жыл басынан бері өңір аумағында 900-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің төмендеуі жол қозғалысын бақылау тетіктерін жетілдірумен және профилактикалық шаралардың күшеюімен байланысты. Қазіргі уақытта облыстың республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарында 137 аппараттық-бағдарламалық кешен мен 584 бейнебақылау камерасы орнатылған. Олар тәулік бойы жолдағы жағдайды қадағалап, ереже бұзу деректерін автоматты түрде анықтайды. Қазан айында бақылау жүйесінің техникалық мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді камералар жылдамдықты асыру, тұтас сызықты кесіп өту және бағдаршамның қызыл түсіне өту фактілерінен бөлек, қауіпсіздік белдігін тақпау мен көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану жағдайларын да тіркейді.

Жаңартылған жүйе іске қосылғаннан кейінгі алғашқы бір айға жуық уақытта 9 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Ал жыл басынан бері автоматты бақылау құрылғылары 170 мыңнан астам ереже бұзу дерегін тіркеген.

Облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Саят Ибраимовтің айтуынша, жолдарда күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізіліп, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жолдағы қауіпсіздік тек техникалық бақылауға емес, әр азаматтың жауапкершілігіне де байланысты. Осыған орай полиция қызметкерлері жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, қауіпсіздік белдігін тағуға және рөлде отырып телефон пайдаланбауға шақырады.

Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол инфрақұрылымын бақылау және цифрлық технологияларды қолдану жұмыстары жалғасады. Басты мақсат – адам өмірін сақтау және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

Айбек Бейсембек.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі