ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Жетісу су айдындарында мұздың жұқаруына байланысты қауіп күшейді

20 ақпан, 2026
Жетісу су айдындарында мұздың жұқаруына байланысты қауіп күшейді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының аумағында ауа райының құбылмалылығы мен температураның күрт өзгеруіне байланысты су айдындарындағы мұз қабаты тұрақсыз болып, адам өміріне нақты қауіп төндіруде. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірдегі өзен-көлдерде жұқа және әркелкі мұз жамылғысының қалыптасуына байланысты қауіпті жағдай сақталып отыр. Әсіресе Алакөл, Балқаш көлдері, сондай-ақ облыстағы кішігірім су қоймалары мен өзендер ерекше бақылауға алынды.
Мамандар мұздың қалыңдығы біркелкі емес екенін, көптеген тұстарда ойықтар, жарықтар мен борпылдақ құрылымдар пайда болғанын ескертеді. Әсіресе өзен сағалары, көпір асты және қамыс өскен аумақтар өте қауіпті деп танылды. Жыл сайын дәл осы кезеңде балықшылар мен балалардың бекімеген мұз үстіне шығу фактілері жиі тіркеледі. Департамент өкілдері сырттай тығыз көрінген мұздың өзі қауіпсіздікке кепілдік бермейтінін, оның беріктігі тек қалыңдығына ғана емес, құрылымына да байланысты екенін алға тартады.
Қазіргі таңда құтқарушылар күнделікті рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, балықшылар мен тұрғындар арасында түсіндіру шараларын қолға алды. Су айдындары маңына ескерту белгілері орнатылды. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері азаматтарды мұз үстіне көлікпен шықпауға, мұздың беріктігін аяқпен тексермеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпті жағдай орын алса, дереу «112» нөміріне хабарласу қажет. Құтқарушылар профилактикалық жұмыстарды мұз толық ерігенше жалғастырмақ.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі