ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Денсаулық

Жетісу облысында жыл басынан бері қызылшаның 106 жағдайы тіркелді

30 апреля, 2026
Жетісу облысында жыл басынан бері қызылшаның 106 жағдайы тіркелді
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай жалпы алғанда тұрақты болып отыр: есепті кезеңде дифтерия, сіреспе, эпидемиялық паротит, қызамық және көкжөтел жағдайлары тіркелген жоқ. Сонымен қатар соңғы жылдары қызылша мен көкжөтелдің өсуі байқалады.
Сыртқаттанушылықтың негізгі себептері — вакцинациямен қамтудың төмендеуі, жеке сенімдерге байланысты екпеден бас тарту, уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер, сондай-ақ халықтың көші-қоны. Вакцинация туралы жалған ақпараттың таралуы да елеулі әсер етуде.
2026 жылы зертханалық түрде қызылшаның 106 жағдайы расталды. Жоғары сырқаттанушылық деңгейі Ақсу, Сарқан, Кербұлақ аудандарында, сондай-ақ Текелі және Талдықорған қалаларында тіркелген. Ауруға шалдыққандардың шамамен 70%-ы 5 жасқа дейінгі балалар, олардың 90%-ы екпе алмаған.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Сыртқаттанушылыққа күнделікті мониторинг енгізілген, әрбір жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі, байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынады.
Жыл басынан бері инфекцияның 131 ошағында 13 мыңнан астам адам медициналық бақылауға алынған. Жоспарлы және қосымша вакцинация жүргізілуде: иммундаумен қамту жыл сайын 40 мыңнан астам баланы құрайды.
Вакцинациядан бас тарту ауыр салдарға, соның ішінде мүгедектік пен өлім жағдайларына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты медициналық қызметтер халықты профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесін сақтауға және вакцинациядан уақтылы өтуге шақырады.
Қосымша ақпаратты egu.kz сайтынан немесе 7701 телефоны арқылы алуға болады.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу