Жаңа көліктер өңірдің бірнеше қаласы мен ауданына бөлінді:
-
Талдықорған қаласы: 19 автобус
-
Ескелді ауданы: 8 автобус
-
Текелі қаласы: 4 автобус
-
Қаратал ауданы: 2 автобус
Облыс орталығында автобус паркін жаңғырту кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бірінші кезең аясында қалаға 2024 жылы отандық зауытта шығарылған «Falcon Eurobus» маркалы 19 жаңа электробус жеткізілген болатын. Қазіргі таңда олар №5 (7 автобус) және №13 (12 автобус) қалалық бағыттарында қатынауда.
Ұзындығы 12 метр болатын әр электробус 70 жолаушыға арналған, оның 30-ы — отыратын орын. Көліктер кондиционермен, дыбыстық және визуалды хабарлау жүйесімен жабдықталған. Төмен едені мен арнайы пандустары жолаушылардың, соның ішінде жүріп-тұруы қиын азаматтардың мініп-түсуіне қолайлы жағдай жасайды. Электр қуатымен жүретін автобустар атмосфераға зиянды қалдықтар шығармайды және толық қуатпен 250 шақырымға дейін қашықтықты еңсере алады.
Бүгінде Талдықорғанда 27 қалалық бағыт бойынша 200-ден астам автобус қызмет көрсетеді. Алдағы 2–3 жылда қаланың автобус паркін толық жаңарту жоспарланған. Қоғамдық көліктерді жаңғырту жұмыстары облыстың өзге де қалалары мен аудандарында жалғасады.
Фотосуреттер Жетісу облысы әкімдігі парақшасынан алынды





