Оқу-жаттығудың негізгі алаңы ретінде Кербұлақ ауданы таңдалды. 18–19 қараша күндері мұнда азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін тәжірибе жүзінде пысықтады.
Оқу-жаттығу барысында атқарылған негізгі міндеттер:
-
автомобиль жолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
-
қолайсыз ауа райында жолда қалған азаматтарға жедел көмек көрсету;
-
зардап шеккендерді эвакуациялау және жылыту пункттеріне орналастыру;
-
ауа райы күрт бұзылған жағдайда әртүрлі қызметтердің өзара үйлесімділігі мен шешім қабылдау жеделдігін тексеру.
Практикалық іс-шараларға жеке құрамнан 65 адам және 35 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттер толық орындалды. Қысқы кезеңге дайындық аясындағы осындай жаттығулар Жетісу облысының барлық қалалары мен аудандарында өткізілді.





