ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Білім

Жетісу облысында мектеп асханаларына қоғамдық бақылау күшейтілді

6 октября, 2025
Жетісу облысында мектеп асханаларына қоғамдық бақылау күшейтілді
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында мектептердегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік желілерде сын пікірлер көбейді. Кейбір асханаларда тағамнан құрт табылған жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыған байланысты облыстық Білім басқармасы мен «AMANAT» партиясы бірлесіп, қоғамдық мониторинг жүргізуді бастады.
Бірқатар білім ұйымдарында орын алған мәселеге байланысты Жетісу облыстық мәслихатының төрайымы Гүлнәр Тойлыбаева пікір білдіріп, санитарлық бақылаудың әлсіздігін атап өтті. «Бұл оқиғалар балалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Кәсіпкерлердің жауапсыздығы мен тиісті бақылаудың жеткіліксіздігі осындай жағдайларға әкеліп отыр. Кінәлі мердігерлер мен жауапты тұлғалар анықталып, тиісті шаралар қолданылуы тиіс», – деді ол.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттары бұл мәселені өз бақылауына алып жергілікті білім басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының бастамасымен қоғамдық мониторингтік топтар құрылып, олар білім беру ұйымдарындағы тамақ сапасын, қауіпсіздік деңгейін және инфрақұрылым жағдайын жүйелі түрде тексеретін болады.
Мониторингтің басты мақсаты – әрбір баланың мектепте сапалы, қауіпсіз және таза тағаммен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету. Жетісу облысы әкімдігі мен білім басқармасы аталған бағыттағы жұмыстарды барлық мүдделі тараптармен бірлесе жалғастырып, мектеп асханаларындағы тағам сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстайтынын хабарлады.
Атап өтейік, 2025-2026 оқу жылында Жетісу облысы бойынша 315 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 280 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған, 13 мектепте буфеттік қызмет көрсетіледі, ал бейімделген ғимараттарда орналасқан 22 мектепте тасымалды тамақтандыру жүзеге асырылады. Оқу жылының басынан бастап 1-4 сыныптарда оқитын 50 мыңнан астам оқушының барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан 5-11 сыныптарда оқитын 15 784 бала да ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Жалпы алғанда, облыстағы 66 560 оқушы мектепте тегін ыстық тамақ ішіп жүр.
Биылғы жылы аз қамтылған және жекелеген санаттағы отбасылардан шыққан 25 229 оқушыны ыстық тамақпен қамту үшін жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. Әр оқушының күнделікті тамағына 630 теңге мөлшерінде қаржы қарастырылған.

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда
Қоғам

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда

5 июня, 2026
Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді
Құқық

Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді

3 июня, 2026
Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!
Қоғам

Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!

3 июня, 2026
Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады
Қоғам

Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады

28 мая, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу