ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысында «Маман» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

19 августа, 2025
Жетісу облысында «Маман» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

АҚ «Отбасы банк» Жетісу облыстық филиалы облыс әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік маңызы бар сала қызметкерлеріне арналған «Маман» тұрғын үй бағдарламасының басталғанын хабарлайды. Өтінім беру 25-ші тамыздан бастап 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы АҚ «Отбасы банк» Жетісу облыстық филиалы және Жетісу облысының Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Жоба өңірдегі ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, мәдениет және спорт саласы өкілдері, энергетика мен туризм мамандары, сондай-ақ мемлекеттік корпорация мен саяси партиялар филиалдарының қызметкерлері үшін қолжетімді баспана алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткердің жасы 63-ке дейін болуы, соңғы бес жылда жылжымайтын мүлікке ие болмауы және кемінде үш жыл бойы Жетісу облысында тұрақты тіркеуде тұруы қажет. Сонымен қатар, өтініш беруші соңғы 12 айда аталған салалардың бірінде ресми еңбек қызметін атқаруы тиіс. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады.
Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. Жас ерекшелігі, еңбек өтілі, отбасылық жағдайы, балалардың саны, тұрғын үй кезегіндегі мәртебесі, жинақ сомасы және өңірде тіркелу мерзімі ескеріледі. Мысалы, 35 жасқа дейінгі талапкерлерге 5 балл, әлеуметтік салада әрбір жылдық еңбек өтілі үшін қосымша ұпай, некедегі жылдар мен балалар санына байланысты да артықшылық беріледі. Сондай-ақ тұрғын үй кезегінде тұрғандарға қосымша балл қарастырылған.
Бағдарламаға қатысу үшін жергілікті атқарушы органнан жолдама алып, жеке куәлік, неке туралы немесе оның бұзылғанын растайтын құжат, балалардың туу туралы куәліктері, жалақы мен зейнетақы жарналары жөніндегі анықтамалар, жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтер ұсынылуы тиіс. Жеке кәсіпкерлер соңғы 12 айдағы банк шотының үзіндісін тапсырады.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу