ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісу облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады

12 марта, 2026
Жетісу облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың кезекті науқаны биыл 16 наурыздан басталады. Бұл туралы Талдықорған қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және Жетісу облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері айтты.
2025 жылы әскерге шақыру көктемгі және күзгі кезеңдерде жоспарлы тәртіппен жүргізілді. Биыл облыстан көктемгі шақыру науқанына 800-ден астам азамат шақырылса, Талдықорған қаласынан 200 азамат әскерге шақырылмақ. Олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің қатарын толықтырады.
Әскерге шақыру рәсімі халық үшін барынша ашық әрі ыңғайлы форматта ұйымдастырылған. Азаматтарға жеке шақырулар және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS-хабарламалар жолданады. Сонымен қатар Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің электронды поштасы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы азаматтар қажетті ақпаратты жылдам әрі ашық ала алады. Мұндай шаралар халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Спикерлердің мәліметінше, әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары тұрақты бақылауда болып, мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылады. Ал әскерден жалтарғандарға жаза қарастырылған.

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда
Экономика

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

31 июля, 2026
Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді
Құқық

Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді

29 июля, 2026
Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды
Қоғам

Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды

28 июля, 2026
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтар

Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді

10 июля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу