ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысы Қытайдағы халықаралық туристік көрмеде өңірдің әлеуетін таныстырды

10 қараша, 2026
Жетісу облысы Қытайдағы халықаралық туристік көрмеде өңірдің әлеуетін таныстырды
WhatsAppTelegramFacebook

2026 жылғы 6-8 қараша аралығында Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында «ХХ Шыңжаң қысқы туризм өнеркәсібі сауда көрмесі» өтті. Халықаралық көрме аясында Жетісу облысының туристік әлеуетін Қытай нарығында ілгерілету және Шыңжаң өңірімен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Жетісу Road-Show Шыңжаңда» таныстырылым іс-шарасы өткізілді.

Көрме барысында шетелдік қонақтар мен туристік индустрия өкілдеріне Жетісу облысының табиғи-климаттық ерекшеліктері, тарихи-мәдени мұрасы, рекреациялық мүмкіндіктері, туристік бағыттары, демалыс және сауықтыру орындары таныстырылды.

Өңірдің туристік әлеуетін таныстыруға облыстың жетекші туристік ұйымдары мен бизнес өкілдері қатысты. Олардың қатарында «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, «Asia Tour» туристік компаниясы, «Тау Жетісу» тау шаңғы кешені, «Жаркент-Арасан» медициналық-сауықтыру кешені, «Викинг» турбазасы, «Air Astana» әуе компаниясы, «Тұмар Транс» компаниясы, Жетісу облысының туризм басқармасы және «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы бар.

«Жетісу Road-Show Шыңжаңда» аясында Шыңжаң өңірінің туристік компаниялары мен туроператорларына Жетісудың туристік өнімдері, қолданыстағы бағыттары және инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар туристік ағынды арттыру, жаңа бағыттарды дамыту және өзара тиімді әріптестік орнату мәселелері бойынша бірқатар іскерлік кездесулер ұйымдастырылды.

Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі – Жетісу облысының туристік ұйымдары мен бизнес өкілдері және Шыңжаң өңірінің туристік компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуы. Аталған келісімдер бірлескен туристік жобаларды жүзеге асыруға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және екі өңір арасындағы туристік алмасуды кеңейтуге негіз қалайды.

Халықаралық көрме мен «Road-Show» іс-шарасы Жетісу облысының туристік мүмкіндіктерін Қытай нарығында кеңінен танытуға, жаңа халықаралық серіктестер тартуға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. Бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға және Жетісу облысының халықаралық туристік нарықтағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі