ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Жетісуда ауыл шаруашылығы санағына 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылмақ

5 августа, 2025
Share on FacebookShare on Twitter

1 тамыздан бастап Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Букенов мәлімдеді. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік науқан ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі іс-шара. Мұндай ауқымды науқанды биыл Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да елдер қолға алған. Жетісу облысы бойынша биылғы санаққа жалпы 744 ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен шамамен 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылады. Науқан екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезең – 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында онлайн форматта sanaq.gov.kz порталында ұйымдастырылады. Сауалнамаға қатысу үшін азаматтар ЭЦҚ, SMS немесе eGovMobile қосымшасы арқылы авторизациялана алады. Порталда ұйымдасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарына арналған – 2-АКШ және жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған – 3-ЖҚШ атты екі түрлі сауалнама нұсқасы қолжетімді. Жетісу өңірінде халықтың онлайн қатысуын арттыру мақсатында 126 өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, оларға қажетті техника мен интернетпен жабдықталған жұмыс орындары орнатылды. Сонымен қатар, 28 шілдеден бастап респонденттерге 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарламалар таратыла бастады. Сауалнаманы толтыру кезінде көмек қажет болған жағдайда тұрғындар 1446 байланыс орталығына жүгінуге болады. Мұнда арнайы ауыл шаруашылығы санағына арналған желі іске қосылған. Сондай-ақ sanaq.gov.kz порталында бейненұсқаулықтар, түсіндірме материалдар және SANAQ мырза атты чат-бот тәулік бойы жұмыс істейді. Ал онлайн режимде сауалнама толтырмаған азаматтарды 1 тамыз – 20 қыркүйек аралығында арнайы интервьюерлер аралайтын болады. Осыған байланысты өңірде интервьюерлерді жұмысқа қабылдау жалғасуда. Қызығушылық танытқан азаматтар 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы өтініш бере алады. Жиналған барлық ақпарат заңмен қорғалады және үшінші тұлғаларға берілмейді. Санақтың алдын ала нәтижелері 2025 жылдың желтоқсанында, ал толық қорытындылары 2026 жылы жарияланатын болады.

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда
Экономика

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

31 июля, 2026
Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді
Құқық

Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді

29 июля, 2026
Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды
Қоғам

Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды

28 июля, 2026
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтар

Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді

10 июля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу