ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Жетісу жастары Президент Жолдауын талқылады

4 қараша, 2026
Жетісу жастары Президент Жолдауын талқылады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Екатерина Смолякова, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков келді. Сапар аясында мәртебелі қонақтар өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын жан-жақты талқылады.

Меймандар Талдықорған қаласындағы «Жетісу жастары» ғимаратына арнайы барып, орталықтың тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен және жас буынға арналған түрлі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Бұдан кейін өткен мазмұнды кездесуде Президент Жолдауында көтерілген білім беру, ғылым мен инновация, цифрландыру, жасанды интеллект, еңбек нарығы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері кеңінен сөз болды. Қонақтар жастарды уақыт талабына сай сапалы білім мен заманауи дағдыларды игеруге шақырды.

  • Агроөнеркәсіп пен қаржылық сауаттылық: Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова аграрлық секторды жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу және ауыл жастарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау қажеттігіне тоқталды. Ал Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану, қаржылық тәртіп пен жастардың қаржылық сауаттылығын қалыптастырудың маңызын түсіндірді.
  • Жастардың қоғамдағы рөлі: Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова жас буынның ел болашағын қалыптастырудағы, қоғамдық жұмыстарға араласудағы және азаматтық ұстанымын көрсетудегі рөлін атап өтті.

Ашық форматта өткен жүздесуде жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және білім алу мүмкіндіктерін кеңейту төңірегінде пікір алмасты. Бұл басқосу жас буын мен мемлекеттік органдар өкілдері арасындағы ашық диалогты нығайтып, ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді ортақ талқылауға зор мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі