ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Жастарға 3 млн теңгеден 10 грант: кәсіп бастауға жаңа мүмкіндік

24 қараша, 2026
Жастарға 3 млн теңгеден 10 грант: кәсіп бастауға жаңа мүмкіндік
WhatsAppTelegramFacebook

Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қатысушыларға «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсы туралы ақпарат берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған бұл бағдарлама жастардың жаңа жобаларын жүзеге асыруына және өз кәсібін ашуына мүмкіндік береді.

Конкурс аясында әрқайсысы 3 миллион теңгені құрайтын 10 грант қарастырылған. Гранттар ауыл шаруашылығы, шағын өндіріс және қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған алты негізгі бағыт бойынша бөлінеді:

  • Мал және балық шаруашылығы – мал, құс, ара және балық өсіру;
  • Өсімдік шаруашылығы – жылыжай және ашық алқаптарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру;
  • Сүт өнімдері өндірісі – сүт және сүттен жасалатын өнімдерді шығару;
  • Қолөнер және шағын өндіріс – ұлттық және заманауи қолөнер бұйымдарын жасау және сату;
  • Тағам өндірісі және қоғамдық тамақтану – жартылай фабрикаттар, кондитерлік өнімдер өндіру, асхана және қоғамдық тамақтану орындарын ашу;
  • Балалар мен жастарға арналған қызметтер – дамыту орталықтарын, балабақшаларды, спорт залдары мен шығармашылық үйірмелерді ашу.

Байқауға жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген және өз бетінше жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз жастар, NEET санатындағы жастар, сондай-ақ кәсіп ашуға ниетті, бірақ қажетті білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз жас азаматтар қатыса алады.

Жоба аясында жастарға бизнес-жоспар әзірлеу, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері бойынша білім беріліп қана қоймай, жеке консультациялар мен тәлімгерлік қолдау көрсетілді. Кәсіп ашуға ниетті қатысушыларға жеке кәсіпкерлікті тіркеу және бизнесті іске қосу кезеңдерінде де сүйемелдеу ұйымдастырылды.

Осылайша, жоба ауыл жастарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, өз ісін бастап, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуге жол ашты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі