Жалпықалалық сенбілік Іс-шара барысында жергілікті мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері орталық Жібек жолы көшесін ретке келтірді. Қатысушылар қоғамдық аумақтар мен қаланың басты көшесінің жиектерін тұрмыстық қоқыстан толық тазартты.
«Мұндай акциялардың басты мақсаты — тек тазалықты сақтау ғана емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Туған қаламыздағы тәртіп — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Қаланы көгалдандыру Санитарлық тазартумен қатар қаланың жасыл қорын ұлғайту жұмыстары да қолға алынды. «Жаркент орман шаруашылығы» КММ мамандарымен бірлесіп арнайы аумақтар белгіленіп, шұңқырлар қазылып, көшет отырғызу басталды. Аудан орталығын абаттандыруға демеушілер де елеулі үлес қосып, қалаға 500 түп терек көшетін сыйға тартты.
Жаркент қаласын абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.





