ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Аймақтар

Үштөбеде 10 жылдан астам тоқтап тұрған комбинат қайта жанданып, ірі агроөнеркәсіптік кешенге айналады

Жетісу облысының Қаратал ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған ауқымды инвестициялық жоба қолға алынды. «АгроКомплекс Уштобе» серіктестігі Үштөбе қаласында он жылдан астам уақыт бойы бос тұрған бұрынғы ұн комбинатын жаңғыртып, оның базасында заманауи агроөнеркәсіптік кешен құруда. 2026–2028 жылдарға жоспарланған жоба толық аяқталғанда, өңірде 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

23 қараша, 2026
Үштөбеде 10 жылдан астам тоқтап тұрған комбинат қайта жанданып, ірі агроөнеркәсіптік кешенге айналады
WhatsAppTelegramFacebook

Қайта қалпына келтірілген өндірістік алаңда бір-бірімен сабақтас үш ірі өндіріс орны жұмыс істейді. Кешеннің жалпы жылдық қуаты 600 мың тонна өнімге дейін жетеді:

  • Құрама жем зауыты: жылына 300 мың тоннаға дейін өнім шығарады;

  • Май өндіру кәсіпорны: жылына 150 мың тонна өсімдік майы мен тоңмай өндіреді;

  • Жаңғыртылған ұн комбинаты: жылына 150 мың тоннаға дейін астық өңдеуге қауқарлы.

Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс құрылымдарын нығайту және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы бірінші кезең аясында құрама жем зауыты іске қосылса, екінші кезеңде май өндірісі жолға қойылады. Ал 2028 жылы соңғы кезең ретінде жаңартылған ұн комбинаты пайдалануға берілмек.

Бір алаңға үш өндірістің шоғырлануы жергілікті шаруалардың шикізатына деген сұранысты арттырып, мал шаруашылығын сапалы жемшөппен қамтуға және қосылған құны жоғары отандық дайын өнім түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі