ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Үш жылда 287 хаттама: Жетісуда ұсталған тауарлармен жұмыс күшейтілді

20 августа, 2025
Үш жылда 287 хаттама: Жетісуда ұсталған тауарлармен жұмыс күшейтілді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының «Кедендік реттеу туралы» кодексіне сәйкес, кеден органдары әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылықтың заты болып табылмайтын, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттері барысында тәркіленбеген әрі бұғатталмаған тауарларды ұстау, сақтау, өткізу және жою шараларын жүзеге асырады.
Аталған кезеңде департамент 287 хаттама рәсімдеді. Ұсталған тауарлардың ішінде тұтыну бұйымдары, тұрмыстық техника, автокөлік бөлшектері, киім-кешек, сондай-ақ темекі, алкоголь өнімдері мен дәрі-дәрмектер бар. Атап айтқанда, шамамен 20 тонна тауар әлеуметтік мекемелерге тегін берілсе, «Корона Слим» маркалы 21,3 тонна темекі өнімі жойылды. Бұдан бөлек, 2025 жылғы шілде айында қабылдап-өткізу актілеріне сәйкес тағы да 11 тоннаға жуық өнім кәдеге жаратуға жіберілді. Бұл жұмыстар «Алихан» жеке кәсіпкерлігімен жасалған мемлекеттік сатып алу шарты аясында жүзеге асырылуда.
Ведомствоның мәліметінше, өткізілетін тауарлар негізінен электрондық аукциондар арқылы саудаға шығарылады, ал тез бұзылатын өнімдер комиссиялық негізде сауда ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Сақтау, тасымалдау және тиеп-түсіру шығындары өткізуден түскен қаражат есебінен өтеледі. Егер тауар иесі сатып алу-сату шартын белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартса немесе келмеген жағдайда, құжатты мемлекеттік кірістер органының өкілі қол қояды.
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі атап өткендей, ұсталған тауарларға қатысты барлық іс-шаралар қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес, заңдылық, ашықтық және мемлекеттік мүлікті тиімді басқару қағидаттарын сақтай отырып жүргізілуде.

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда
Қоғам

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда

5 июня, 2026
Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді
Құқық

Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді

3 июня, 2026
Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!
Қоғам

Өз отбасыңызды танытқыңыз келе ме? Маусымның 15-іне дейін үлгеріңіз!

3 июня, 2026
Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады
Қоғам

Жетісулық балалар «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады

28 мая, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу