Текелі қаласының әкімі Айдос Бекетаевтың қатысуымен қорғасын-мырыш кен орнын игеру жөніндегі инвестициялық жобаның таныстырылымы өтті.
Кездесу барысында жоба өкілдері инвестициялық бастаманың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру кезеңдерін және күтілетін экономикалық нәтижелерін баяндады.
Жиынға қатысушылар жобаны іске асырудың техникалық және өндірістік мүмкіндіктерін жан-жақты талқылап, ұсынылған бастама бойынша өзара пікір алмасты. Тараптар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған жобаның маңыздылығын атап өтті.





