Соңғы үш жылда Текелі қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы 198 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.
Биыл 60 пәтерлі ипотекалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар инвестор қаражаты есебінен Сейфулин көшесінде тағы бір 60 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй салынуда. Бұған қоса, жалпы саны 104 пәтерді құрайтын тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандардың құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Пәтерлер белгіленген тәртіпке сәйкес «Отбасы банк» АҚ арқылы бөлінетін болады.
Осылайша, барлық жобалар толық жүзеге асырылғаннан кейін Текелі қаласының тұрғын үй қоры тағы 224 пәтермен толығады. Бұл бастамалар қала тұрғындарын баспанамен қамту мүмкіндіктерін кеңейтіп, тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам болмақ.





