Астана төрінде грек-рим күресінен ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында ауданымыздың мақтанышы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бағдат Төлегенұлы Сабаз жарқын өнер көрсетіп, 67 келі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді!
Ел астанасында жалауы желбіреген дүбірлі додада жерлесіміз шеберлігі мен қайсар мінезін танытып, әлемнің үздік балуандарымен иық тірестірді.
Бағдаттың әлем біріншілігіндегі саңлақ жолы:
1/8 финал: Алғашқы белдесуінде Болгария балуаны Абу Амаевпен тартысты кездесу өткізіп, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Ширек финал: Ирандық тәжірибелі балуан Саид Эсмаилимен шиеленісті әрі тартысты бәсеке өрбітті.
Жұбаныш белдесуі: Қытай спортшысы Цзинь Синьсинді айқын басымдықпен ұтып, есепті 8:5 қылды.
Қола медаль үшін шешуші бәсеке: Шешуші белдесуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Әзірбайжанның атақты шебері Хасрат Джафаровпен шеберлік байқасып, 8:5 есебімен жеңісті жұлып алды! Осылайша Бағдат ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН қанжығасына байлады!
Спортшы туралы қысқаша:
Туған күні: 19 қаңтар 2004 жыл
Салмақ дәрежесі: 67 кг дейін
Жаттықтырушысы: Дәурен Кегенбаев
🌟 МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ: ЖЕРЛЕСІМІЗДҮ КҮТІП АЛУ РӘСІМІ
Әлем аренасында топ жарып, көк байрағымызды желбіреткен саңлағымызды құрметпен қарсы алу рәсімі өтеді:
📅 Күні: 6 қараша
📍 Өтетін орны: Панфилов ауданы, Орталық алаң
Барша тұрғындар мен спорт жанкүйерлерін ауданымыздың мақтанышын бірге қарсы алып, құрмет көрсетуге шақырамыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!





