ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанда «Қазақстандағы отбасы институтының даму динамикасы» атты облыстық форум өтті

9 октября, 2025
Талдықорғанда «Қазақстандағы отбасы институтының даму динамикасы» атты облыстық форум өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Талдықорған қаласындағы Б.Құранбек атындағы журналистер үйі ғимаратында «Қазақстандағы отбасы институтының даму динамикасы» атты облыстық форум өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, аудандық және қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары, аналар кеңесінің мүшелері, Жетісу жастары орталығы, ЖОО оқытушылары, сондай-ақ коммуникация және мониторинг орталығының қызметкерлері қатысты. Форумға барлығы 50-ге жуық адам жиналды.

Форумның негізгі мақсаты – 2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындыларына сүйене отырып, отбасы институтының даму көрсеткіштерін сараптау, қазіргі заманғы үрдістерді талдау және отбасы саясатын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу болды.

Форум бағдарламасының негізгі тақырыптары: Қазақстандағы неке мен ажырасу үрдістерінің этностық ерекшеліктері; дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтау және жаһандану жағдайындағы жаңғыру жолдары; аналар кеңестерінің рөлі мен отбасы құндылықтарын дәріптеудегі ықпалы; мектептегі менторлық жүйенің отбасы институтын қолдаудағы мүмкіндіктері; дағдарыстық жағдайларды шешудің заманауи тәсілдері; отбасылық қарым-қатынаста эмоционалды интеллекттің маңыздылығы.

Форум аясында қатысушылар отбасы институтының дамуында негізгі проблемалық бағыттар мен оларды шешу жолдарын кеңінен талқылады. Қорытынды бөлімде отбасы саясатын дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Мұндай форумдар отбасылық құндылықтарды насихаттап, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келешекте де бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу