29 қараша күні Талдықорған қаласында мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты мүгедектігі бар азаматтар үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылады.
Сайлау күні жүріп-тұруы қиын қала тұрғындарының сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуін қамтамасыз ету мақсатында 18 автокөлік қызмет көрсетеді.
Оның ішінде 13 автокөлік кресло-арбамен қозғалатын азаматтарды тасымалдауға арнайы жабдықталған.





