ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Student Hub Zhetisu облыстың 22 колледжі мен жоғары оқу орнын біріктірді

24 қараша, 2026
Student Hub Zhetisu облыстың 22 колледжі мен жоғары оқу орнын біріктірді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында жастарды, отбасыларды және Алакөл ауданының тұрғындарын қамтыған 3 әлеуметтік жобаның қорытындысы шығарылды. Солардың ішіндегі ауқымды бастамалардың бірі студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған Student Hub Zhetisu жобасы болды.

Бастамаға бір жоғары оқу орны мен 22 колледж қосылды. Жобаға барлығы 1000-нан астам студент қатысты. Жоба аясында дебаттар, зияткерлік байқаулар, семинарлар және облыстық көшбасшылар лагері ұйымдастырылды. Оқу орындары арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында 23 меморандумға қол қойылды.

Тағы бір бастама отбасы институтын нығайтуға арналды. «Жетісу әкелер мектебі» жобасы аясында «Әке. Отбасы. Болашақ» атты XI Республикалық әкелер форумы өтті.

Қатысушылар бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі, ұлттық құндылықтар және ұрпақтар сабақтастығы мәселелерін талқылады.

Алакөл ауданында Adal Qadam жобасы аясында тұрғындарға практикалық құқықтық қолдау көрсетілді. 11 елді мекенде 16 кездесу өткізіліп, 100 құқықтық кеңес берілді.

Сонымен қатар құқықтық квест пен шығармашылық байқау ұйымдастырылды.

Үш жобаның барлығын «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі