Кәсіп ашу немесе өз ісіңді дамыту оңай емес екенін көпшілік жақсы біледі. Кәсіпкерге тек идея ғана емес, тұрақты жағдай, әділ бәсеке және сенімді қолдау қажет. Сондықтан шағын және орта бизнестің дамуына қатысты көтерілген мәселелер мен үшін маңызды. Кәсіпкерлерге артық кедергілердің азаюы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың өсуіне ықпал етеді. Әсіресе, шағын бизнестің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек деп ойлаймын. Өйткені мықты экономика — өз ісін дамытып отырған адамдардың да еңбегінің нәтижесі.
Акжолтай Рысбек
Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі әкімшілігінің жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы





