«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өз жалғасын табуда. Бұл жолы Серкесай аумағында арнайы сенбілік ұйымдастырылып, табиғатты қорғауға бейжай қарамайтын тұрғындар мен еріктілер бас қосты.
Игі шара барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, жаңа ағаш көшеттерін отырғызды. Тазалық пен көгалдандыруға бағытталған бұл ортақ жұмыс туған өлкенің көркеюіне, экологиялық ахуалдың жақсаруына қосылған маңызды үлес болды.
Таза қала – баршамызға ортақ міндет!
#ТазаҚазақстан
Фотосуреттерді Текелі қалалық әкімдігі ұсынды





