Сарқан қаласының аумағындағы бұрын пайдаланылмаған 35 гектар жерге биыл қант қызылшасы егілді. Нәтижесінде әр гектардан 70–80 тонна өнім жиналды.
Бұл алқапты конкурс арқылы алған Ермек Калиев басқаратын «Самал» шаруа қожалығы игерді. Осылайша, жер ауыл шаруашылығы айналымына қосылып, өнім өндіруге пайдаланылды.
Бүгінде шаруашылықта 15 адам тұрақты жұмыс істейді, ал маусым кезінде тағы 45 адам еңбекке тартылады.





