Сарқан ауданында 2026 жылдың алғашқы 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 22,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі еседен астам жоғары. Ал ауыл шаруашылығында 50,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Ауданда биыл 16,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 4%-ды құрады. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары арқылы 1 534 адам жұмысқа орналастырылды. Оның 954-і тұрақты жұмыс орындарына жіберілді.
Шағын және орта бизнес саласында 3 173 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл бағытта 6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.





