ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметке кандидаттарды қабылдайды

14 сентября, 2026
ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметке кандидаттарды қабылдайды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери жоғары оқу орындарына оқуға түсуге, 6 айлық даярлау курстарына, сондай-ақ запастағы офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды іріктейді.
Кандидаттар ҚР ҰҚК Шекара академиясында, Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының бірқатар әскери оқу орындарында білім ала алады. Оқу орындарын тәмамдаған курсанттарға «лейтенант» әскери атағы беріледі және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелерінде қызметпен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар Шекара академиясында 6 айлық даярлау курстарын ұйымдастыру көзделген. Оқыту шекаралық бақылау, тәрбие және идеологиялық жұмыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, байланыс және ақпараттандыру бағыттары бойынша жүргізіледі. Курсқа жоғары білімі бар, әскери билеті бар және жасы 30-дан аспаған азаматтар үміткер бола алады.
Запастағы офицерлер де әскери қызметке шақырылуға немесе келісімшарт бойынша қызметке қабылдануға мүмкіндік алады. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында медицина, IT және байланыс, ветеринария, психология, журналистика, қаржы, құқық, техникалық, теңіз және тыл бағыттары бар.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке 18-34 жас аралығындағы азаматтар қабылданады. Қызмет шекара заставаларында, өткізу пункттерінде, Жағалау күзетінің кемелері мен катерлерінде және инженерлік бөлімшелерде атқарылады.
Іріктеу барысында кандидаттардың денсаулығы, дене дайындығы, кәсіби және психологиялық жарамдылығы тексеріледі. Сондай-ақ арнайы тексеру жүргізіледі.
Әскери қызметшілерге ай сайынғы ақшалай төлем, қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдері, жыл сайынғы ақылы демалыс, киім-кешек және тегін медициналық қызмет қарастырылған.

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады
Спорт

«Жетісу» волейбол клубы Бразилиядағы әлем чемпионатына аттанады

2 октября, 2026
Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті
Денсаулық

Жетісуда жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтау 40 пайыздан астам өсті

2 октября, 2026
Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған
Аймақтар

Жетісуда 935 мың тонна астық жинау жоспарланған

2 октября, 2026
Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады
Экономика

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

24 сентября, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу