ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Экономика

Қосылған құн салығы кімдер үшін 16%-ға дейін өседі, ал кімдерге жеңілдетілген мөлшерлемелер енгізіледі?

23 сәуір, 2026
Қосылған құн салығы кімдер үшін 16%-ға дейін өседі, ал кімдерге жеңілдетілген мөлшерлемелер енгізіледі?
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл басында Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) әкімшілендіру жүйесінде елеулі өзгерістер күшіне енді. Негізгі жаңалықтардың бірі ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегінің екі есе төмендеуі: енді ол бұрынғы 20 мыңның орнына 10 мың АЕК-ті құрайды. Ағымдағы жылға белгіленген 4 325 теңге мөлшеріндегі есептік көрсеткіш бойынша бизнес үшін шекті айналым 43,25 млн теңгемен шектеледі. Салық төлеушілер осы лимиттен асқаннан кейін бес жұмыс күні ішінде есепке тұру туралы өтініш беруге міндетті, әйтпесе оларға айтарлықтай санкциялар, соның ішінде уақтылы тіркелмегені үшін айыппұл және есепке тұрмай жұмыс істеген бүкіл кезеңдегі айналым сомасының 15%-ын өндіріп алу қаупі төнеді.
«Реформа сонымен қатар мөлшерлемелердің сараланған жүйесін енгізеді, онда ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі 16%-ға дейін артады. Бұл ретте мемлекет әлеуметтік маңызы бар салалар үшін қолдау шараларын сақтап қалады: мәселен, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу үшін осы жылдан бастап 5%, ал 2027 жылдан бастап 10% мөлшерінде төмендетілген мөлшерлеме қарастырылған. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі шеңберіндегі препараттар мен қызметтер салықтан толық босатылады. Сонымен қатар, 10% мөлшерлемесі отандық мерзімді басылымдарға қолданылады, ал ауыл шаруашылығы өндірушілері ҚҚС сомасының қосымша 80%-ын есепке жатқызуға мүмкіндік беретін жеңілдікті пайдалануды жалғастырады», — деп атап өтті Жетісу облысы бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Талғат Жарымбетов.
Бұған қоса, бизнес үшін жеңілдіктер де қарастырылған. ҚҚС бойынша артық төлемді қайтару мерзімі 55 жұмыс күніне дейін қысқарады. Бұл тәртіп экспорттаушыларға, жер қойнауын пайдаланушыларға және жаңа өндірістік нысандардың құрылысына инвестиция салатын компанияларға қатысты болады.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі