Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, тұрғындар апатты деп танылған ағаштарды кесуге жәрдемдесу, егістік жер телімін алу, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешу және өзге де өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысын мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты түсініктемелер берді. Мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, тиісті іс-шараларды атқару үшін жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Қабылдауға өңір басшысының орынбасары, қала әкімінің орынбасары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс бөлімдерінің басшылары қатысты.
Айтылған барлық өтініштер мен ұсыныстар хаттамаға тіркеліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты мекемелерге жолданады. Жеке қабылдаудың негізгі мақсаты – тұрғындардың талап-тілегін тыңдап қана қоймай, туындаған мәселелердің нақты шешілуіне ықпал ету. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі жалғасып, әрбір өтініштің қаралуы мен орындалуы бақылауда болады.





