Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегі, көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру және өзге де әлеуметтік бағыттағы өтініштер мен ұсыныстар айтылды. Барлық азаматтардың мәселелері мұқият тыңдалып, әрбір сауал бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.
Аталған қабылдауға өңір басшысының орынбасары, қала әкімі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс бөлімдерінің басшылары қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты салалық мекемелерге жолданды. Алдағы уақытта тұрғындардың өтініштері бойынша нақты жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың назарына! «Отбасы банкі» тарапынан тұрғын үй мәселесіне қатысты ресми хабарламалар кезекте тұрған азаматтарға жолданады. Тұрғын үй тек белгіленген тәртіп пен қолданыстағы ережелерге сәйкес, қатаң түрде кезек ретімен беріледі.
Фотосуреттерді Қаратал ауданы әкімдігі ұсынды





