«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында күзгі сенбілік ұйымдастырылды. Күз түсіп, ағаш жапырақтары сарғайған шақта саябақтар, аллеялар мен скверлердің тазалығын сақтау — ерекше назарда.
Бұл игі шараға 50-ге жуық белсенді тұрғын қатысып, туған қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 2 тоннадан астам жапырақ пен қоқыс жиналды. Жиналған қалдықтарды тасымалдау үшін қалалық әкімдік тарапынан арнайы техника бөлініп, қоқыс тиісті арнайы полигонға жеткізілді.
Тазалық — баршамызға ортақ міндет, ал қоршаған ортаны қорғау — әрбір азаматтың жауапкершілігі. Өлкеміздің көркеюі мен тазалығын сақтау жолында әрқайсымыз үлес қосып, табиғатты аялауды күнделікті дағдымызға айналдырайық!
#ТазаҚазақстан
Фотосуреттер авторы: Қаратал ауданы әкімдігі





