ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Саясат

Кербұлақ ауданындағы шешен этноорталығы референдумда дауыс берді

15 наурыз, 2026
Кербұлақ ауданындағы шешен этноорталығы референдумда дауыс берді
WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданы Алтынемел ауылдық округіне қарасты Тастыбастау ауылында дауыс беру достық пен дәстүр мерекесіне айналды. №207 референдум учаскесіне шешен этномәдени орталығының өкілдері келді.
Делегацияны Тастыбастау ауылының құрметті тұрғыны, «Ислам» шаруашылығының жетекшісі әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық мүшесі Халим Ашаханов бастап келді.
Жергілікті тұрғындар үшін бұл тек саяси науқанға қатысу ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның көпұлтты халқының жасампаздыққа деген ортақ ұмтылысының айқын көрінісі болды. Халим Керімұлының айтуынша, жаңартылған Конституция мәдени ерекшелікті сақтаудың және ұлтаралық келісімді нығайтудың сенімді кепілі болып табылады. Бұл қоғамымыздың басты құндылықтары.
Аудандағы шешен этномәдени орталығының қызметі тек мерекелік шаралармен шектелмейді. Ашахановтың жетекшілігімен ұйым жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу бағытында ауқымды жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік тілді меңгеруге және қазақ пен шешен халықтарының ортақ тарихын терең тануға ерекше көңіл бөлінеді.
Қауымдастық мүшелерінің туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігін нақты істерінен де көруге болады. Мәселен, орталық өкілі Хасан Абуев өз қаражатына Тастыбастау ауылында мешіт ғимаратын және жаңа бастауыш мектеп салған. Мұндай жанашырлық елеусіз қалған жоқ: көпжылдық еңбегі үшін Халим Ашаханов мемлекеттік медальмен марапатталған.
Бүгінгі ауыл тұрғындарының таңдауы олардың ел игілігі жолындағы күнделікті еңбегінің жалғасы. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, мемлекеттегі тұрақтылық пен берік құқықтық негіз мәдениетті дамытуға, мектептер салуға және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Алтынемел ауылдық округінің тұрғындары үшін бұл күн бірлік пен дәстүрге құрметтің Қазақстанның басты күші екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі