Бастаманың негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ қауіпсіздік мәдениеті мен азаматтық жауапкершілікті нығайту.
Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бекзат Тілектесұлы жаңа сыныптардың жастарды тәртіпке, жауапкершілікке және Отанға адал қызмет етуге баулудағы маңызын атап өтті. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Айтбайұлы жас кадеттерге ақ батасын беріп, оларға батылдық пен адалдық тіледі.
«Жас сақшы» және «Жас құтқарушы» сыныптарының ашылуы оқушыларға қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп негіздерін меңгеруге, сондай-ақ болашақта ел игілігі жолында қызмет ететін саналы азамат болып қалыптасуға мүмкіндік береді.





