Қолданыстағы Конституция тек бүгінгі қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық құжат қана емес, еліміздің ұзақмерзімді болашағын айқындайтын стратегиялық бағдаршам. Ата Заңда адам капиталын, білім мен ғылымды және инновацияларды дамыту мемлекет қызметінің басты басымдықтары ретінде бекітілген, ал еңбекқорлық, прогресс, білім мен жасампаз патриотизм іргелі қағидаттар қатарына енгізілген. Сарапшы ретінде айтарым, бұл нормалардың шынайы өміршеңдігі өңірлерде іске асып жатқан ғылыми жобалар, жаңа өндіріс ошақтары, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект шешімдерін енгізу арқылы көрініс табады. Білім мен технологияға сүйенген жасампаз экономика құру — халықтың әл-ауқатын арттырудың және мемлекеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің ең сенімді жолы.
Ансия Ченгельбаева





