Шара барысында еріктілер мен мекеме қызметкерлері жалғызбасты қарттардың үйлеріне арнайы барып, шаруаларына қолғабыс етті. Атап айтқанда, қариялардың аулалары мен бақшалары қар мен қоқыстан тазартылып, шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетілді.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, аға буынға қамқорлық танытып, үлкенге құрмет көрсету – әрбір азаматтың адамгершілік борышы. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – ардагерлердің көңілін аулап, қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады. «Үлкенге құрмет – ұрпаққа үлгі!»
Фотосуреттерді Қаратал ауданы әкімдігі ұсынды





