Кездесу барысында ағымдағы жылдың 10 айында аудан жастарымен атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, іске асырылған жобалар мен іс-шаралардың нәтижелері сараланды.
Жиында қаралған негізгі бағыттар:
-
жастарды жұмыспен қамту және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу;
-
волонтерлік қозғалысты дамыту;
-
бұқаралық спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
-
жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Сондай-ақ ауылдық округтерде жастар саясатын жүзеге асыру барысындағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер айқындалды. Жиын қорытындысы бойынша әдіскер-нұсқаушылар мен спорт нұсқаушыларына жұмыс сапасын күшейту, жастармен өзара іс-қимылды арттыру және жаңа бастамаларды қолға алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.





