Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы деректі фильм көрсетілді. Әдебиет пен өнер өкілдері, сондай-ақ Қастек Баянбайдың отбасы мүшелері қаламгердің өнегелі ғұмыры мен әдеби мұрасы жайлы естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар «Балдырғандар бағбаны – Қастек Баянбай» аудандық байқауы мен «Жырлайды жүрек» көркемсөз оқу сайысының жеңімпаздары марапатталды. Жергілікті өнерпаздар ақынның сөзіне жазылған әндер мен басқа да музыкалық шығармаларды орындады.
Іс-шараның басты мақсаты – Қастек Баянбайдың бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау және көрнекті жерлесіміздің есімін өскелең ұрпақ жадында сақтау.
Қастек Баянбайдың шығармашылық мұрасы – ұлттық рухани мәдениетіміз бен қазақ балалар әдебиетіне қосылған баға жетпес қазына.
Фотосуреттерді Алакөл ауданы әкімдігі ұсынды





