Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Арман Қабаев қаржы саласында абыройлы еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар есепші мамандарға Алғыс хаттар табыстады.
Салтанатты жиында Арман Қабаев марапат иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жауапты қызметтеріне табыс, еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, есепшілердің күнделікті атқаратын жауапты жұмысы қаржылық тәртіпті қамтамасыз етіп, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына негіз болады. Сондықтан олардың кәсібилігі мен адал еңбегі әрдайым жоғары бағалауға лайық.
Фотосуреттерді Алакөл ауданы әкімдігі ұсынды





