ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Қоғам

50 АЕК көлеміндегі айыппұл кімдерге салынады? Жетісу облысының ТЖД су айдындарында ауқымды тексеру жұмыстарын бастайды

17 июня, 2026
50 АЕК көлеміндегі айыппұл кімдерге салынады? Жетісу облысының ТЖД су айдындарында ауқымды тексеру жұмыстарын бастайды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында шағын көлемді кемелер белсенді пайдаланылатын екі ірі су айдыны орналасқан — Алакөл және Балқаш көлдері. Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, бүгінде облыста ресми түрде шамамен 225 шағын көлемді кеме тіркелген. Оның ішінде 120 қайық, 70 гидроцикл және 35 паром бар. Шілде айының басталуымен аталған техникаларды тексеру, кеме жүргізушілерінің құжаттарын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарымен ТЖД инспекторлары айналысады.
Тексеру барысында суға шығудың заңдылығына ерекше назар аударылады. Тіркелмеген немесе техникалық байқаудан өтпеген шағын көлемді кемелерді пайдалануға жіберу, сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамдарды кеме жүргізуге жіберу лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл мөлшері 20 АЕК болса, ірі бизнес субъектілері үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Ішкі су жолдарында жүзу қағидаларын бұзу, оның ішінде белгіленген жылдамдықты арттыру, навигациялық белгілер талаптарын сақтамау, маневр жасау тәртібін бұзу немесе тыйым салынған жерлерде тоқтау жағдайларында 2 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Ал су көлігін пайдалану қағидаларының өзге де ұсақ бұзушылықтары үшін 1 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті шағын көлемді кеме иелерін жүзу құралдарының техникалық жағдайын алдын ала тексеруге, оларды толық көлемде құтқару құралдарымен жабдықтауға және қажетті құжаттарын жаңартуға шақырады. Бұл өңірдегі су айдындарында жазғы маусымның қауіпсіз өтуіне ықпал етеді.

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда
Экономика

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

31 июля, 2026
Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді
Құқық

Ескелді ауданында бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі 17,2%-ға төмендеді

29 июля, 2026
Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды
Қоғам

Жетісуда 3 млн теңгеге әкімшілік рақымшылық жасалды

28 июля, 2026
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтар

Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді

10 июля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу