Алакөл ауданының Достық ауылында Алакөл кеден бекетінің 30 қызметкері мәслихат депутаттарын сайлауға бірге қатысты. Олар №96 сайлау учаскесіне қызметтік бірыңғай киім үлгісімен келіп, дауыс берді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Кеден қызметкерлерінің бір мезгілде учаскеге келуі сайлау күніндегі ерекше көріністердің бірі болды. Ұжым мүшелері ұйымшылдық танытып, азаматтық құқықтарын пайдаланды.
Кеден бекетінің қызметкерлері үшін елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігі. Олардың ортақ таңдауы еңбек ұжымдарының қоғамдық науқандарға белсенді араласатынын көрсетті.





