ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Басты бет Жаңалықтар Аймақтар

Жетісу облысында жыл басынан бері 33 жаңа автобус сатып алынды

Жетісу облысында қоғамдық көлік парктері кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Осы жылдың басынан бері тұрақты бағыттарға қызмет көрсету үшін лизинг арқылы сыйымдылығы мен модификациясы әртүрлі 33 жаңа автобус сатып алынды.

25 қараша, 2026
Жетісу облысында жыл басынан бері 33 жаңа автобус сатып алынды
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа көліктер өңірдің бірнеше қаласы мен ауданына бөлінді:

  • Талдықорған қаласы: 19 автобус

  • Ескелді ауданы: 8 автобус

  • Текелі қаласы: 4 автобус

  • Қаратал ауданы: 2 автобус

Облыс орталығында автобус паркін жаңғырту кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бірінші кезең аясында қалаға 2024 жылы отандық зауытта шығарылған «Falcon Eurobus» маркалы 19 жаңа электробус жеткізілген болатын. Қазіргі таңда олар №5 (7 автобус) және №13 (12 автобус) қалалық бағыттарында қатынауда.

Ұзындығы 12 метр болатын әр электробус 70 жолаушыға арналған, оның 30-ы — отыратын орын. Көліктер кондиционермен, дыбыстық және визуалды хабарлау жүйесімен жабдықталған. Төмен едені мен арнайы пандустары жолаушылардың, соның ішінде жүріп-тұруы қиын азаматтардың мініп-түсуіне қолайлы жағдай жасайды. Электр қуатымен жүретін автобустар атмосфераға зиянды қалдықтар шығармайды және толық қуатпен 250 шақырымға дейін қашықтықты еңсере алады.

Бүгінде Талдықорғанда 27 қалалық бағыт бойынша 200-ден астам автобус қызмет көрсетеді. Алдағы 2–3 жылда қаланың автобус паркін толық жаңарту жоспарланған. Қоғамдық көліктерді жаңғырту жұмыстары облыстың өзге де қалалары мен аудандарында жалғасады.

Фотосуреттер Жетісу облысы әкімдігі парақшасынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда
Жаңалықтар

Балқаш жағалауындағы Лепсіде жаңа вокзал салынып, аурухана жаңартылуда

Бүгін, 12:01
Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда
Аймақтар

Жетісу облысының Үштөбе қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

26 қараша, 2026
Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды
Цифрландыру

Дұрыс тамақтану, спорт және скроллингті азайту: Jetisu Digital-да үздік SportTech-стартаптар анықталды

26 қараша, 2026
Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Аймақтар

Көксуда инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті

25 қараша, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі ірі өткізу пункті жаңғыртудан кейін ашылды

25 қараша, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Аймақтар
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2026 ortcomjetisu.kz — Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі