Қайта қалпына келтірілген өндірістік алаңда бір-бірімен сабақтас үш ірі өндіріс орны жұмыс істейді. Кешеннің жалпы жылдық қуаты 600 мың тонна өнімге дейін жетеді:
-
Құрама жем зауыты: жылына 300 мың тоннаға дейін өнім шығарады;
-
Май өндіру кәсіпорны: жылына 150 мың тонна өсімдік майы мен тоңмай өндіреді;
-
Жаңғыртылған ұн комбинаты: жылына 150 мың тоннаға дейін астық өңдеуге қауқарлы.
Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс құрылымдарын нығайту және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы бірінші кезең аясында құрама жем зауыты іске қосылса, екінші кезеңде май өндірісі жолға қойылады. Ал 2028 жылы соңғы кезең ретінде жаңартылған ұн комбинаты пайдалануға берілмек.
Бір алаңға үш өндірістің шоғырлануы жергілікті шаруалардың шикізатына деген сұранысты арттырып, мал шаруашылығын сапалы жемшөппен қамтуға және қосылған құны жоғары отандық дайын өнім түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді.





