ortcomjetisu.kz

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

+7 (777) 7282019
rsk.zhetysu@mail.ru
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
  • Русский
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер
No Result
View All Result
ortcomjetisu.kz

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ
области Жетісу

Home Жаңалықтар Экономика

Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының дамуын айқындаған негізгі бағыттарына тоқталды

10 декабря, 2025
Қала әкімі Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының дамуын айқындаған негізгі бағыттарына тоқталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл 2025 жылдың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелеріне тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қала экономикасында тұрақты өсім сақталды. 2025 жылы жалпы экономикалық өсім 107% болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 174,4 млрд теңгені, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 39,4 млрд теңгені құрап, өсім 103,3% деңгейіне жетті. Бұл Талдықорған экономикасының орнықты дамып келе жатқанын айғақтайды.

Инвестициялар көлемі де артты. Жыл соңына дейін қала экономикасына 85 млрд теңге инвестиция тартылады. Бұл қаражат инфрақұрылымды жақсартуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді.

Құрылыс саласы үшін де бұл жыл табысты болды. Өткен жылы 1283 тұрғын жаңа баспанамен қамтамасыз етілді. Оның басым бөлігі несиелік және жалдамалы тұрғын үйлер. Ал биыл 1400-ден астам отбасы жаңа пәтерге қол жеткізбек. Сондай-ақ, «Ынтымақ» тұрғын үй алабында 200 пәтерлі 5 көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Нысан келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, қала әкімі баспасөз мәслихатында аулаларды абаттандыру, жол инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу сияқты қала әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобаларға да тоқталды.

Айта кетейік, Талдықорған қаласының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетті. Әкім атап өткендей, қолға алынған жаңа жобалар мен бастамалар қаланың болашағын жарқын етіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді
Денсаулық

Жетісуда кене маусымы басталды: 13 адам медициналық көмекке жүгінді

1 апреля, 2026
Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды
Жаңалықтар

Минус тарифтер мен плюс қайтарымдар: Жетісуда өтемдік тарифтер арқылы тұтынушыларға 8,2 млн теңге қайтарылды

1 апреля, 2026
Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты
Экономика

Аграриям Жетісу предоставляются льготные кредиты

1 апреля, 2026
Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде
Аймақтар

Жетісу диқандарына жеңілдікпен несие берілуде

1 апреля, 2026
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу

  • Басты бет
  • Қоғам
  • Экономика
  • Оқиғалар
  • Денсаулық
  • Пресс-релиздер

© 2025 ortcomjetisu.kz - Региональная служба коммуникаций области Жетісу